""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное Коммунальное Казенное Предприятие "Ясли- сад "Арайлым" города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” ұлттық ойындар іс-шарасы бойынша ақпарат

                                                                  “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” ұлттық ойындар  іс-шарасы бойынша ақпарат.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» “Тілге бойлау ” жобасының жоспары бойынша  ересек “Радуга” тобы және “Солнышко” мектепалды тобымен “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” тақырыбында  ұлттық ойындар іс-шарасын өткізіді. Радуга ересек тобы "Шыр" ұлттық ойынын ойналды.  Бұл ойында балалар асықтармен танысып, түстерді таныды. "Шыр" ойыны асықтарды шерту арқылы ойналады.   Балалар шертіп отыру арқылы,  өздеріне асықтар жинайды.  Кім көп асық жинаса,  сол жеңіске жетеді. Ересек топ тәрбиешісі Аминова И.С. Ойын барысында асық ойын түрлермен таныстырды.Қатысқан бала саны -14.

Солнышко мектепалды тобының балаларымен “Түйілген орамал” ұлттық өткізілді.Өткізген тәрбиеші:Васильева В.В. Мақсаты: Балалардың сөздік қорларының белсенділігін арттырып, тіл ұстарту мақсатында ойлау, түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін жетілдіру. Ойын барысы: ойын жүргізуші «бір, екі, үш» деп дауыстағанда бастайды. Оның біреуінің қолында түйілген орамал болады. Ойын жүргізуші қолында түйілген орамал ұстаған баланы ұстап үлгеруі керек. Ал ойыншылар орамалды бір-біріне кезектеп беріп, бастаушының қолына тигізбеуге тырысады. Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Қатысқан бала саны -13.

Ссылка:

1) https://www.instagram.com/reel/DE7T0OyKTZw/?igsh=bTB6NmJ0MTQwNjMz

2) https://www.instagram.com/reel/DE7VkyDKu0D/?igsh=MW1kczVwc2MzZXZjdw== 

 

Жаңартылған күні: 26.01.2025 21:52
Құрылған күні: 26.01.2025 21:52

Текст