""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное Коммунальное Казенное Предприятие "Ясли- сад "Арайлым" города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілге бойлау» пилоттық жобасы бойынша есеп

   «Тілге бойлау»
пилоттық жобасы бойынша есеп

         Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Арайлым» бөбекжайы» МКҚК барлығы - 140 тәрбиеленуші бар. Бөбекжайда барлығы 7 топ бар. Олардың ішінен қазақ тілінде білім алушы - 4 топ және 3 топ – орыс тілінде білім алуда.
       «Тілге бойлау» пилоттық жобасына 2 топ қатысуда. Олар: ересек және мектепалды даярлық топтары. Жобаға 40 бала қатысады деп жоспарланған, бүгінгі таңда жобаға 38 бала қатысуда. 

    Қыркүйек айында жоспарланып, бекітілген жоба жұмысының жоспары бойынша мемлекеттік тілді меңгерту жұмыстары бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды.    
           Оқу жылы басталысымен өткізілген ең алғашқы ата-аналар жиналысында қазақ тілі маманы ересек және мектепалды даярлық топтарының республикалық пилоттық жобаға қатысатыны туралы ақпарат беріп, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын өткізілді.

    «Қане, қазақша сөйлейік!» әңгімелесу, тренингтерін өткізілді. Өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеру деңгейлерін білу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» акциясы өткізілді. https://www.instagram.com/reel/C_21kdkq-wN/?igsh=bW5jeWplYnRxdWc2

     Қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау бойынша -     «Ақындар айтысы» туралы «Солнышко» тобында Бугрова М.А мен музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен тақырыптық сағат өткізіліп, балаларға қазақ халқының ұлттық аспабы мен өнері туралы айтылып, импровизациялық қыз бен жігіт айтысы көрсетілді. 

https://www.instagram.com/reel/DAVSsZCqkna/?igsh=dG9tcTdnNWM1Zjdh          Қазан айында ата-аналарға арналған ақпараттық материалдар ұсынылып, республика күнінің тойлануына байланысты тәрбиенушілер ертеңгіліктерде қазақ тілінде өлең шумақтарын айтты.

    Апта сайын топтардағы  «Қазақша үйренеміз» атты апталық сөздік минимумы ақпараттық стендттер орналастырылып, өзгертіліп отырады.     

    Инклюзивті білім беру саласы бойынша логопед, тәрбиеші және қазақ тілі маманының «Пішіндер әлеміне саяхат» тақырыбында біріккен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.

  
Режимдік сәттер барысы:
   
   Режимдік сәттер арасында

  • «Шешімін тап» айдары бойынша жұмбақтар жасырып, шешімін табу ойындары өткізіліп, ұйымдастырылған іс-әрекет барысында қазақ тілінде меңгерген жаңа сөздерін бекіту жұмыстары ұйымдастырылды.
  •  «Қазақтың ұлттық ойыны – асық ату»;
  • «Шыр»;
  • «Оюлы кілемше»
  • «Кім жүйрік» ойындары ойнатылып, қазақ тіліндегі «Бірге жаттаймыз» айдары бойынша әртүрлі тақпақтар мен қызықты дыбыстық жаттығулары жасалып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру мақсатында іс-әрекеттер ұйымдастырылды.

  Қараша айының жоспары бойынша оқу іс-әрекеттерінен бөлек алтын күз мерекесін тойлау барысында «Жемістер мен көкеністер дауы» сахналық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.  Сахналық қойылым барысында балалар жемістер мен көкеністерді еркін ажыратып үйреніп, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын машықтандырды.

 

     Желтоқсан айында тәуелсіздік күніне орай топтарда ашық тақырыптық сағаттар өткізілді. «Солнышко» мектепалды даярлық тобымен бірге «Тәуелсіздік тағылымы» атты интелектуалдық ойын-сайыс іс-әрекеті барысында қазақ тіліндегі сұрақ-жауап форматындағы қызықты ойын өтті.  Одан бөлек бала бақша ішінде қазақ және орыс тілді топтарының бірлескен «Мен елімнің ұланымын» іс-шарасы ересек және мектепалды даярлық топтары арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында

Ерикова Ясмин, 5 жас - Туған жерім тамаша   /Мұзафар Әлімбаев/
Масс Анастасия, 4 жас - Туған жер   /Оразақын Асқар/
Сеитов Расул - «Астана» тақырыптарында қазақ тілінде өлеңдерін оқыды.

Нәтижесінде, Масс А.- 1 орын, Кривицкая Л.- 2 орынға ие болды. Ал қалған екі қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.

   Қазақ тілін меңгерту жұмыстары бойынша бірінші жарты жылдықтың қорытындысына сүйенсек тәрбиелінушілердің тілді меңгеру деңгейлері орташа, бірақ болашақта жүйелі әрі бірізді жұмыстарды орындау арқалы мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосарымыз сөзсіз.

Жаңартылған күні: 27.01.2025 21:51
Құрылған күні: 27.01.2025 23:51

Текст