""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное Коммунальное Казенное Предприятие "Ясли- сад "Арайлым" города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ақкөл қаласының «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

28.02.2025

Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Арайлым» бөбекжайы» МКҚК мемлекеттік қызметтер туралы есебі.

1. Жалпы ережелер

     Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Айнур «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Арайлым» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.  Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Кирдищев көшесі,   87 А ғимараты.

Бөбекжайда  мемлекеттік қызметті бір  түрі көрсетеді.

2024 жылы 53  қызмет көрсетілді;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 49.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (6 жасқа дейін)».

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

       Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат бөбекжайдың arailym-akkol.edu.kz   ресми интернет-ресурсында қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген. Мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған www.egov.kzwww.elicense.kz. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. 

     2024 жылы бөбекжай БАҚ пен әлеуметтік желілерде  2 мақала жариялады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету  және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылуда.

2024 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

         Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген бір  қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетуде.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

        2024  жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2025  жылы мектепке дейін ұйым  жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша  жұмысты  жалғастыратын болады.

Просмотров: 691


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст