«Арайлым» балабақшасында ұжым арасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді. Реформалардың бағдарларына тоқталып.
1. Жаңа экономикалық саясат.
2. Нақты секторды дамыту.
3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция.
4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.
5. Заң және тәртіп. Таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз».