Текст
20.01.2023ж. бөбекжайымызда "Ертегі әлеміне саяхат" атты ертегі қойылымдарын сахналау өтті.Мақсаты:Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру .Ересек және мектеп алды топтары ертегі қойылымдарын сахыналауға қатысты.
Ересек бәйтерек тобының бүлдіршіндері "Дос іздеген бота" , ересек радуга тобы "Жаңа форматтағы шалқан" ертегілерін сахналады. Мектеп алды топтары жұлдыз тобы "Сәдіуардың айға саяхаты" , солнышко тобы "Балықшы мысық" ертегісін сахналады. Балалар рөлге қызығушылықпен кіре отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.