31.01.2023 жылы бөбекжайымызда «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді дамыту» тақырыбы бойынша аудандық семинар өтті.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Семнарда тәрбиеші Чибирева О.В ертегі желісі бойынша құм терапиясын негізге ала отырып балалармен жеке дамыту-түзету жұмыстарын жүргізді.Денешынықтыру нұсқаушысы Балшоканова Л.К. балалармен хатка иога бойынша сауықтыру-шынықтыру жұмысын негізге ала отырып "Батыл тасбақаның" саяхаты атты ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізді.Семинарға аудандық шағын орталықтың педагогтарымен психолог мамандары қатысты.