Ақкөл ауданың білім бөлімінің оқу жоспарына сәйкес "Ойын қызыметі арқылы инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: дербес сыни тұрғыдан ойлайтын балаларды қалыптастыра отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыста ойын қызыметінің түрлерін көрсету.
🔅#1бөбекжай тәрбиешісі Койшыбаева З.Р. "Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру жолдары" тақырыбында баяндама оқыды.
🔅"Ақбота" бөбекжайының психологы "Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен сенсорлық интеграция" тақырыбында іс-тәжірибе көрсетті.
🔅Арайлым бөбөкжай логопеді "Теңіз әлеміне саяхат" ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.
🔅Музыка жетекшісі: Аманкелди К. "Үйшік" ертегі қойылымын шулы аспаптар оркестрімен орындады.
🔅Шебер-сынып жұмысын "Арайлым" бөбекжай әдіскері Тохтархан А."Коммуникативтік қызмет арқылы инклюзивті білім беру" тақырыбыда жүргізді. Іс-шара соңында қатысушылар өзара ұсыныс-пікір алмасып, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап айтты.